Асылбек Шамшия Сембекызы

Туған күні: 01.01.1968

Туған жер: Шымкент облысы Ордабасы ауданы

Білім:
Шымкент педагогика институты 1990 жыл

Педагогикалық өтілі: 26 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1990 - Ө.Тұрманжанов атындағы орта мектебі, ОҚО

Кәсіби жетістіктер:
«Жаңашыл ұстаз » байқауында алғыс хат.2010 ж
«Сапалы білім бергені үшін» аудандық алғыс хат.2012 ж
Құнды баяндама жасағаны үшін аудандық құрмет грамотасымен марапатталды.2014 ж
Бастауыш сынып мұғалімдерінің қашықтық олимпиадасы сертификат 2014 ж
Жаңа технологияны сабақта тиімді пайдаланғаны үшін алғыс хат 2015 ж
«Кемеңгер Елбасы –ырысы елімнің» алғыс хат 2015 ж
«Ханталапай», «Алын сақа», «Балқаймақ»республикалық журналынан оқушысы, мадақтама.
Облыстық «Болашақ»баспасөзінде «Ұлт тәрбиесі, ұлт болашағы»тақырыбында мақаласы жарияланды.2012 ж

------------------------------

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Шын ұстаз — ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім — тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *