Баймуханова Гулмиран Абилхановна

Туған күні: 04.10.1970

Туған жер: Қазақстан, Қостанай облысы

Білім:
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, мамандығы «Қазақ тілі мен әдебиеті», 1995ж.

Почетные звания, профессиональные награды и премии:
ККО.KZ-порталының олимпиада авторы кеңесінің мүшесі. куәлік № 3636/1181 2016 ж «Қазақстан ұстаздары» қоғамының мүшесі, медалінің иегері. Куәлік № 0703/9479 2016 ж

Қоғамдық қызмет:
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 29

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1997-2013 жылға дейін Әулиекөл ауданының «Аққұдық негізгі мектебінде» жұмыс жасадым.
2013 ж. Мичурин орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімін.

Кәсіби жетістіктер:
Мадақтама грамота 1 орын «Жыр алыбы- Жамбыл» шығармалар сайысы.Аудандық ББ 2016 ж
Диплом 1 орын «Үздік презентациялық сабақ» Астана ZIAT ҒӘО 2016ж
Диплом 3 орын Сыныптан тыс шара Астана ZIAT ҒӘО 2016ж
Гран –при «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» Аудандық ББ 2016ж
Диплом 1 орын қазақ тілінен Республикалық олимпиада, сайт «Қазақстан ұстазы» 2016ж
Диплом 2 орын қазақ әдебиетінен Республикалық олимпиада, сайт «Қазақстан ұстазы» 2016ж
Диплом 1 орын қазақ әдебиетінен Республикалық олимпиада сайт ККО 2016ж
Диплом сайт. bilimall.kz Материал жариялап белсенділік танытқаны үшін
1Диплом « Қазақ тілінің үздік мұғалімі» облыстық пән олимпиадасында «Жаңашыл ұстаз» номинациясы бойынша . «Қостанай дарыны»өңірлік ғылыми практикалық орталығы. 2016ж
Сертификат сайт .us.kz org@mail.ru «Қазақ тілінен үлестірмелі карточкалар» 2015ж
Сертификат « Қазақ тілінің үздік мұғалімі» облыстық пән олимпиадасына қатысқаны үшін. «Қостанай дарыны»өңірлік ғылыми практикалық орталығы.2016ж
Сертификат сайт. bilimall.kz «Балаға ата- тегін үйрету» (мақала) 2016
Сертификат сайт ustazuni.kz «Ақиық ақын- Мұқағали» 2016 ж
Сертификат «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы « Мәңгілік Ел-біздің ізгі мұратымыз»2016 ж
Сертификат сайт bilimger.kz «Мұқағали өлеңдері» ( Тіл ұстарту) 7- сынып 2016 ж
Cертификат «Ғажайып алаң» сайт oqu.kz@mail.ru 2016ж
Сертификат сайт.ikonkursy@mail.ru «Тілдің көркі-сөз» 2016ж
Сертификат сайт. tarbie.org «Қазақ тілі –асыл мұра» (мақала) № 10320 2015ж
Сертификат сайт .kopilkaurokov.ru- сайт для учителей. Әдебиеттен тест 5- сынып
№ 246603 2015 ж
Сертификат сайт.www.bilimsite.kz халықаралық
«Толықтауыш», «Мектеп кабинеттері», «Антонимдер» № А00239 2015ж
«АЛЄЫС ХАТ» жүлдегер дайындағаны үшін сайт. «Қазақстан ұстазы» 2016 ж
«Алғыс» Олимпиадаға жеңімпаздар дайындағаны үшін. «Қост. дарыны»өңірлік ғылыми практ.орталығы 2016 ж
«Алғыс хат» олимпиадаға оқушылар дайындағаны үшін сайт. Kazbilim-edu kz 2016 ж
«Алғыс хат» сайт.«Учитель 21 века» Жоба олимпиадасына белсене қатысқаны үшін 2016 ж
Свидетельтво. Жоба олимпиадасына жеңімпаз дайындағаны үшін сайт.«Учитель 21 века» 2016 ж
«Алғыс» Олимпиадаға жеңімпаздар дайындағаны үшін. сайт.«BS-PRESS» 2016 ж
Алғыс хат. Аудандық тіл дамыту орталығы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ашық диктант 2016 ж
Алғыс хат. сайт. bilimall.kz Қазақ тілін ғаламтордың көмегімен дамытуға белсенділік танытқаны үшін.
2016 ж
Алғыс хат. сайт nio.kz Ұлттық қашықтық олимпиада 2016ж
Учитель+ газетіне жарияланған мақалалар:
(2015) «Асыл мұра» №38
(2015) «Қариялар – біздің панамыз, тірегіміз» №39
(2015) «Жақсы адам жақсы басшы бола алады» № 44
(2015) «Ел қолдаған Елбасы» № 47
(2015) «Таланттар сүйсіндірді» №48
(2016) «Ұлттық отбасы тәрбиесі» №2
2016. «Ұлы дала перзенті» № 44.
www.kostanaytany.kz
(2015) «Қымбат маған ана тілім – бал тілім» № 60
(2016) «Асқақтай бер , ана тілім!» №5
Оқушылар жетістіктері:
сайт:«Қазақстан ұстазы» қазақ тілінен республикалық олимпиада 1 орын (5 оқушы) 2016ж
Жоба «21 ғасыр ұстазы» қазақ тілінен олимпиада 3 орын 2016ж
Респуб. «Тілім-тірегім» виртуалдық олимпиада 2 орын (5оқушы) 2016 ж
cайт. BS-PRESS.KZ республикалық олимпиада 1орын (2оқушы), 2 орын (2оқушы) 2016 ж
сайт.nurly-bolashak. kz республикалық олимпиада 2орын (1оқушы),3 орын (1оқушы) 2016ж
сайт ККО қазақ әдебиетінен олимпиада 1 орын (5оқушы) 2016 ж,
сайт nio.kz Ұлттық қашықтық олимпиада
1 орын (2 оқушы) , 2 орын (2 оқушы) 2016ж,
сайт. bilimall.kz сертификат (5 оқушы)2016 ж,
«Қост. дарыны»өңірлік ғылыми практ. Орталығы «Тіл ұшқыры» қазақ тілінен олимпиада 2 орын (7 оқушы),3 орын (1оқушы) 2016 ж

------------------------------

Мен Баймуханова Гулмиран Абилхановна   Қостанай облысы (бұрынғы Торғай), Жанкелдин ауданы «Көкалат» селосында 1970 жылы, 04 қазанда дүниеге келдім. Ата – анамның екінші перзентімін. «Албарбөгет» орта мектебін 1987 жылы аяқтап еңбек жолымды мектепте тәрбиешілік жолдан бастадым. 1990 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1995 жылы тәмамдадым. Ең алғашқы ұстаздық жолымды Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беруден бастадым.

  • 1997 жылдан Әулиекөл ауданының Аққұдық негізгі мектебінде жұмысымды жалғастырдым.
  • 2007 -2012 ж.ж. директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін қоса атқардым.
  • 2013 жылдан Қостанай қаласына ауысып «Қостанай ауданының білім бөлімінің Мичурин орта мектебі»ММ –де еңбек етудемін.

Қазіргі таңда  29 жыл еңбек өтілім бар. Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мұғаліммін.

Шәкірт жүрегінде жұлдыздай жарқырап жайнап тұратын бірден бір тұлға ол- мұғалім. Тәуелсіз еліміздің келешегін ойлар білімді де, саналы елінің жағдайын, туған жерін, өз ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматтар тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екендігі барша жұртқа белгілі.  Алдарында отырған шәкірттерін біліммен қаруландырып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт- бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да әрдайым қасиетті тұлға  ретінде ерекшеленеді.

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек- деп Әл Фараби айтқандай осы Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда  ілгері қадам басуға  бастар жол – мектеп десек, сол мектептің бет пердесі, дүрсілдеп соғар  жүрегі – мұғалім.

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Мектеп қабырғасында білім алып жатқан балаға   отбасынан  кейін  адамгершілік, әдептілік, ар-ұят  сияқты ұлттық  мұраларды   санаға бекітуші  адам – мұғалім.  Олай болса  өз ісіне ұқыптылықпен қарап,  шәкіртін білім нәрімен нұрландырып, әр баланың терең білім алуына барынша ықпал етіп тер төгіп жатқан ұстаздардың   жолы бөлек.  Жан – Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, бас­қаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі  өте орынды айтылған сөз. Сөздің шындығында  ұстаз балаға өз  білгенін үйретуші ғана емес,  өн бойы  өнегеге  толы , оқушының әр ісіне тілектес  ана  сияқты бар баланың   бойынан жақсылықты көргісі келетін  жүрегі таза адам.  Егер ұстаздың білім берген оқушысы  өзінен оз­ған  болса  –ұстаз еңбегінің далаға кетпегені. Өйткені өзінен озған шәкірт тәрбиелеген  шебер ұстаз үнемі ізденісте , шығарма­шылықта жүрген ұстаз.

Ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады- деген екен.

Менің пән бойынша сабақ берудегі негізгі мақсатым: оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамытып, дербес жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру,оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,
Жансыздар әлдилеген шуақты арман.
Жатталсын есімдерің жан жүректе,
Адамның аяулы әні сияқталған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *