Дуйсебекова Айсауле Есенгазиновна

Туған күні: 29.04.1969

Туған жер: Қазақстан, Қостанай облысы

Білім:
Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті, 1991 жыл

Дәрежелер мен ғылыми атақтар:
Филология ғылымдарының кандидаты, 2007
АрқМПИ профессоры, 2016

Почетные звания, профессиональные награды и премии:
Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ ректорының алғыс хаттарымен (2012, 2014) марапатталды;
Облыстық білім басқармасының «Алғыс хаты» (2012) берілді;
Облыс әкімінің мадақтама грамотасымен (2016) марапатталды

Педагогикалық өтілі: 25 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1991-1993 жж. - орта мектепте мұғалім; 1993-2016 жж. - Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында қызмет жасаймын

------------------------------

Дуйсебекова Айсауле Есенгазиновна 1969 жылы 29 сәуірде Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Саға селосында туған.

А.Е.Дуйсебекова 1991 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік педагогикалық Университетінің филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1991 жылы Арқалық қаласындағы №9-орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған ол 1993 жылдың қыркүйек айынан бастап Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық  институтында қызмет етіп келеді.

  • жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық

Университетінің Аспирантура бөлімінде «Қазақ әдебиеті» кафедрасының ізденушісі бола жүріп, 2006 жылы 06 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының Ғылыми кеңесінде филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған. А.Е.Дуйсебекованың «Тәкен Әлімқұлов сыншы және әдебиет зерттеушісі» тақырыбындағы зерттеу жұмысы қазақ әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосқан білікті сыншы, талантты әдебиетші Тәкен Әлімқұловтың ұлт әдебиетіне қосқан еңбектерінің бір қырын ашуға бағытталған.

Қазақ елінің тәуелсіздік алуының басты жетістігі — рухани мұраларымыздың ел игілігіне асуы. Кешегі кеңестік заманда біржақты қаралған көркем мұраларымызды қайтадан ой елегінен өткізу — бүгінгі әдебиеттану ғылымының басты жетістігі. Өткенімізге қайта үңіліп, жаңаша пайымдау арқылы рухани мәдени мұраларымызды ел игілігіне жарату, болашақ ұрпақтың қажетіне ұсыну – әдебиеттің негізгі нысанасының бірі. Еңбек осындай өзекті мәселені көтергендігімен құнды. Зерттеу жұмысының негізінде: «Қ.Аманжолов шығармашылығы Тәкен сынында», «Т.Әлімқұловтың Абай жайлы зерттеуі», «Тәкен талантының ашылмаған қырлары», «Талантқа құрмет», «Ақын мұралары Т.Әлімқұлов зерттеулерінде», «Т.Әлімқұлов Абай аудармалары хақында», «Поэзия және поэзия сыны жайлы Т.Әлімқұлов ой-пікірлері» атты ғылыми сипаттағы мақалалары жарық көрген.

Дуйсебекова А.Е. 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап, бүгінгі күнге дейін «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда. Ол өзінің білім, ғылым, тәрбие саласындағы атқарған нәтижелі жұмыстары үшін бірнеше марапаттарға, алғыс хаттарға ие болған. 10-нан астам біліктілігін жетілдіру курстары бойынша сертификаттары бар. Атап айтқанда,

— 2004, 2007 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-нің  Қазақ әдебиеті кафедрасында біліктілікті арттыру курсынан;

— 2008 жылы ҚазмемқызПУ-де «Жоғары оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі» тақырыбындағы біліктілікті көтеру курсынан;

— 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де «ЖОО-дағы интерактивті оқыту әдістері» бағдарламасы бойынша арнайы курста;

— 2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығында «Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ке арналған тест тапсырмаларын әзірлеудің теориялық және әдіснамалық негіздері» тақырыбындағы профессор В.С.Аванесовтың авторлық курсында;

— 2012 жылы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлары біліктілігін арттырудың «Өрлеу» республикалық институтында білімін жетілдірген.

— 2012 жылы Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқытудың облыстық орталығы» ұйымдастырған «Облыстағы тілдерді оқыту орталықтарының жұмысын бір жүйеге түсірудегі әдістемелік мәселелер» атты біліктілік курсына қатысқан.

— 2013 жылы  ҚР ҚАЗТЕСТ-ке арналған тест тапсырмаларының                3 деңгейлік курсын даярлау комиссиясының құрамына қабылданып,               3 деңгейлік тапсырмалар жинағын әзірлеп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тестілеу бөліміне тапсырған.

— 2013 жылы «Мұғалім мансабы: кәсібилік және көсбасшылық» атты аймақтық ғылыми практикалық конференцияда пленарлық отырыстың шеңберіндегі ғылыми дискуссияда белсенді қатысқаны үшін  дипломмен марапатталған.

— 2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым» туралы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес  Дуйсебекова А.Е. ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитттеліп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызметі конкурсына қатысу үшін КУӘЛІГІНЕ (Серия МК №004136) ие болған.

2014 жылы шетелдік басылымдарға ғылыми мақалалар жариялау мүмкіндігі берілген сертификат алған.

— Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлары біліктілігін арттырудың «Өрлеу» республикалық институты – 2012 жыл;

  • Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін

арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту – 3-деңгей, 2015ж.

А.Е.Дуйсебекованың 20-дан астам ғылыми әдістемелік жұмыстары бар. Оның «Сыншы, әдебиеттанушы Тәкен Әлімқұлов» атты монографиясы, бірнеше әдістемелік нұсқаулықтары мен Халықаралық, Республикалық, аймақтық ғылыми практикалық конференциялардың жинақтарында жарық көрген ғылыми сипаттағы мақалалары бар. Сонымен қатар, білім беру саласында да оқу үрдісінің сапасын арттыруға өз үлесін қосуда. Ол 15-тей арнайы курстар жазған және осы курстардың оқу әдістемелік кешендерін әзірлеген. Өзі қызмет жасайтын «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының материалды-техникалық базасын нығайтуға мол үлесін қосқан. Мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптарға білікті мамандар даярлау мақсатындағы кафедра жанынан ашылған «Балдырған» зертханасының ғылыми-әдістемелік құралдармен жабдықталуына орай көптеген ізденістер жүргізіп, зертхананың: «Атамұра», «Табиғат мүйісі», «Жолда жүру ережесі», «Денсаулық», «Оқу танымдық» атты блогтарын заманауи талаптарға сай жабдықтаған. Зертханада израйльдық технологияға негізделген «Multikit», «Eduplei» бағдарламалары арқылы студенттерге  мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып балаларының танымдық қабілеттерін дамытып, шығармашылық жұмыстарға  баулудың әдістемелік жолдарын үйретудің педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылған.

А.Е.Дуйсебекова  ғылыми жетекшілік жасаған студенттер республикалық, аймақтық, институт деңгейінде өткізілген конференцияларда, олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған. Мәселен, 1-курс студенті  Аманбай Жансеріктің «Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жолдары» атты мақаласы Алматы Аграрлық университетінде өткен ғылыми конференцияның пленарлық мәжілісіне ұсынылып, марапатталған. Сондай ақ,  Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Бастауыш мектептегі сабақтардың мультимедиялық жабдықталуы» тақырыбындағы студенттік жұмыстардың аймақтық дистанциондық сайысында 4 курс студенті Қуанышова Г. ІІІ орынды  иеленіп, дипломмен марапатталаған.

Ол өзі басқарып отырған кафедра студенттерін Республикалық олимпиадаларға дайындап, қатыстыруда да үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Атап айтқанда, 2011 жылы Алматы қаласында ҚазақҚызМемПедУниверситетінде өткен «Білімді ұрпаққа – талантты педагог» атты ІІ Республикалық олимпиадада ІІІ орын, 2012 жылы Тараз қаласында өткен ІІІ Республикалық «Ұлылықтың бастауы – балалық шақ» тақырыбындағы студенттер олимпиадасында 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленіп қайтты. Екі олимпиадаға ұсынылған: «Мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын қолдану» (кафедра жанындағы “Балдырған” зертханалық орталығының негізінде дайындалған); «Мен мектепке барамын» балабақша түлегінің тұлғалық-психологиялық моделі» тақырыптарындағы ғылыми жобаларға жетекшілік жасап, нәтижеге қол жеткізе білді. Ол институттың және факультеттің әдістемелік және ғылыми кеңестерінің мүшесі. Бірнеше кандидаттық диссертацияларға, ғылыми жинақтарға, ғылыми жобаларға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік  құралдарға, ғылыми әдістемелік нұсқаулықтарға, мектеп оқушыларының олимпиадалық жұмыстарына рецензиялар берген.

Айсауле Есенгазиновна аймақтағы, қалалық мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш мектептерге  оқу-әдістемелік  көмектерін беруде ауқымды жұмыстар атқарады. Балабақша әдіскерлері, тәрбиеші педагогтары және бастауыш мектеп мұғалімдерімен бірлесіп, тақырыптық ғылыми-әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіп, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын заман талабына сай жаңашылдандырудың әдіс-тәсілдерін қарастыру мақсатындағы жұмыстарды үнемі ұйымдастырып, жүзеге асырып отырады. Оның нақты дәлелі ретінде: «Ана тілі сабағында интерактивті тақтаны қолданудың тиімді жолдары», «Қазіргі кезеңде шағын орталықтардың жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық маңызы», «Тұңғыш журналист, ағартушы қазақ қызы»,  «Бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру», «Абайдың даналық ойларының тәрбиелік мәні», «Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңашыл әдіс-тәсілдері», «Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік дағдыларын қалыптастырудағы, жаңа технологиялардың маңызы», «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін қалыптастыру ерекшеліктері», «Педагогикалық практика және студент», «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» тақырыптарында өткізілген ғылыми-әдістемелік семинарлар мен  дөңгелек үстелдерді айтуға болады. Арқалық қаласындағы балабақшалар мен мектептердің және институт базасында сабақ берудің белсенді әдістерін дәріптеу, талдау арқылы оқу және тәрбие үрдісіне енгізуге үлкен күш салады.

Мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстарына да жетекшілік жасайды. Және балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасап, нұсқаулар, сын пікірлер, ұсыныстар береді. Жақында ғана Арқалық қаласындағы «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі Сүлейменова Салтанаттың ф.ғ.к., доцент А.Е.Дуйсебекованың ғылыми жетекшілігімен жазған «Халықтық педагогика негізінде экологиялық тәрбие беру мүмкіндіктері» тақырыбындағы ғылыми жобасы «Ең үздік жоба» деген атпен облыстық деңгейдегі арнайы марапатқа ие болды.

Одан дәріс алған шәкірттерінің көпшілігі қазіргі таңда Республикамыздың түкпір түкпірінде білім беру саласында, құқық, ІІБ-де, әкімшілікте, бірнеше министрлікте табысты еңбек етуде. Торғай көлеміндегі көптеген орта мектептердің директорлары, орынбасарлары, әкімшілік басшылары, жоғары лауазымды қызметкерлер А.Е.Дуйсебековадан сабақ алып, өнегелі тәрбиесін көрген.

Дуйсебекова Айсауле қазақ әдебиетінің сыны мен әдебиеттану ғылымы бойынша, мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқытудың әдістемесі бағытындағы зерттеу жұмыстарын жетілдіру жоспарларының мақсат- міндеттерін айқындап, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен монографиялар, жинақтар даярлауды жоспарлаған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *