Куспанова Гульзифа Дюсембаевна

Туған күні: 04.05.1973

Туған жер: Қазақстан, Ақтөбе қаласы

Білім:
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 1997 жылы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университеті, ағылшын тілі пәні мұғалімі, 2004 жылы
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының магистратура бөлімі, филология магистрі, 2010 жылы

Дәрежелер мен ғылыми атақтар:
Филология магистрі, 2010 ж.

Почетные звания, профессиональные награды и премии:
2008 ж. Облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің грант иегері
2009 ж. «Облыстың үздік мұғалімі» грант иегері
2016 ж. «Ян Амос Каменский» атындағы медаль мен «Д.Қонаев» атындағы орденді иеленді

Қоғамдық қызмет:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 25 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1997-2016 жж. - №31 қазақ орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
2006 жылы Шымкент облысы Отырар ауданы Шәуілдір елді мекенінде «Мәдени мұралар» бағдарламасы бойынша өткен «Арман оқулары – 2006» ғылыми конференциясына 9 класс оқушысы Медетова Гүлайым қатысып, жоғары дәрежелі ғылыми жұмыс атағына ие болса,
2007 жылы өткен қалалық олимпиадада шәкірті 9 класс оқушысы Ешмағамбетова Мейрамгүл ІV орын-ға ие болды.
2009-10 о.ж. Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Аңызға айналған алып тұлға» қалалық көркем шығармалар сайысында ІІІ жүлделі орын, 10ә класс оқушысы Сағымбекова Ақбаян;
7-класс оқушысы Дүйсембай Айшат Облыстық КҒА IIІ дәрежелі диплом, 2010-11 о.ж. Дүйсембай Айшат КҒА 15-ші облыстық ғылыми-практикалық конференцияда ІІ орын, диплом; Дүйсембай Айшат КҒА 37-ші Республикалық ғылыми-практикалық конференция І орын, диплом,
2011-12 о.ж.Темірғали Динара облыстық «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» шығармалар байқауы жүлделі ІІІ орын; Дүйсембай Айшат Облыстық «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы «Шығармашылық қобдиша»
2012-13 о.ж. Есенғазин Азамат, Мажитова Аяжан – КҒА 17-ші облыстық ғылыми-практикалық конференцияда ІҮ орын, мақтау қағазы; Кеңшілікова Н.- облыстық «Мағжан оқулары» ІІІ орын; Алпысбаева Жадыра – «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» облыстық білім байқауында ІІІ орын; Нұраханова Мөлдір –«Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» облыстық білім байқауында ІІІ орын; Алланиязова Маншүк – «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» облыстық білім байқауында ІІІ орын; Кеңшілікова Назерке – облыстық «Жыр жазамын жүрегімнен» атты жас ақындар байқауында мақтау қағазы; Абилова А. – «Қанат қақты» Республикалық журналистика шығармашылық студиясы, сертификат; Темірғали Динара - қалалық пәндік олимпиада, мақтау қағазы; Сисен Жанат - қалалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасы, ІІІ орын; Нұраханова Мөлдір - қалалық пәндік кіші олимпиада, І орын,; Кеңшілікова Назерке - қалалық "Мағжан оқулары", ІІІ орын; "Шеберлер" тобы - "Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" қалалық тіл фестивалі, ІІ орын; Истурина Амина - қалалық "Күншуақ" байқауы, мақтау қағазы
2013-14 о.ж. Меңдіғали Сұлтан - қалалық пәндік кіші олимпиада, І орын; Кеңшілікова Назерке - қалалық "Мағжан оқулары", ІІІ орын
2014-15 о.ж. Облыстық пәндік олимпиада, ІІІ дәрежелі диплом; Темірғали Д., 11 класс оқушысы, І республикалық «Жас дарын» ғылыми жұмыстар конкурсы І орын, Салимгереев Алиби, 6-класс, І республикалық «Жас дарын» ғылыми жұмыстар конкурсы, І орын, Серікқалиұлы Дарын, 6-класс оқушысы, Облыстық КҒА 19-шы ғылыми-практикалық конференция, ІІІ орын, Серікқалиұлы Дарын, Салимгереев Алиби, 6-класс оқушылары, Облыстық КҒА 19-шы ғылыми-практикалық конференция, мақтау қағазы, Кеңшілікова Назерке, Алпысбаева Жадыра, 9-класс оқушылары, Қалалық ғылыми жұмыстар мен шығармашылық байқаулар сайысы, ІІ орын, Серікқалиұлы Дарын, Салимгереев Алиби, 6-класс оқушылары, Қалалық пәндік олимпиада, ІІІ орын, Темірғали Динара, 11-класс оқушысы, Қалалық "Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" көркемсөз оқу шеберлері байқауы, "Жыр жауһары" номинациясы, Кеңшілікова Назерке, 9-класс оқушысы, Қалалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасы, ІІ орын, Кеңшілікова Назерке, 9-класс оқушысы, Қалалық Н.Байғанин шығармашылығына байланысты шығармалар байқауы, І орын, Кеңшілікова Назерке, 9-класс оқушысы
2015-16 о.ж. қалалық пәндік олимпиада І орын Едилова Акдана, Облыстық пәндік олимпиада ІІ орын Едилова Акдана, Халықаралық қашықтық пәндік олимпиада ІІ дәрежелі диплом. Сакебаева А. 5кл., Қалалық ІІ орын.«Зерде» ғылыми жоба Салимгереев А., Серікқалиұлы Д., Халықаралық «Жас ғалым» ғылыми-практикалық конференция. ІІ дәрежелі диплом. Салимгереев А., Серікқалиұлы Д., Республикалық «Ақбөбек» шығармашылық байқау. Мақтау қағазы «Әртістік шеберлігі үшін». Алпысбаев Н. 7кл., Республикалық «Ақбөбек» шығармашылық байқау. Диплом. Итемген Д. 5кл., Жайжан М. 5кл., Мұратова А. 5кл., Серікқалиқызы А. 5кл., Сакебаева А. 5кл., Тұрсынбекова А. 7кл., Халықаралық рефераттар конкурсы ІІ дәрежелі диплом. Айтжанова Г. 10кл., Халықаралық рефераттар конкурсы ІІІ дәрежелі диплом. Сакебаева А.. 5кл., ІІІ дәрежелі диплом. Қазақ тілі пәні бойынша ІҮ Халықаралық қашықтық олимпиада. Сәрсенбаев Нұрмұхамед., Қалалық «Абай оқулары» І орын. Архаров Д. 10кл., Облыстық «Абай оқулары» ІІІ орын. Архаров Д. 10 кл., Қалалық «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» шығарма жазу байқауы. Мақтау қағазы. Кеңшілікова Н. 10кл., ІІ дәрежелі диплом. Қазақ тілі пәні бойынша ІҮ Халықаралық қашықтық олимпиада. Итемген Диас., Мақтау қағазы. Қалалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы. Серікқалиұлы Дарын, Салимгереев Алиби. Алматы қаласы Республикалық «Fantastik talant» мәнерлеп оқу сайысында 7 кл. оқушысы Тұрсынбекова Әсел бас жүлде, 5кл. оқушысы Серікқалиқызы Айғаным І орынға иеленді.

------------------------------

Ақтөбе қаласы №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты, І деңгейлі мұғалімі, магистр — Куспанова Гульзифа Дюсембаевна алғашқы ұстаздық қадамын 1991 жылы Ақтөбе облысы Мұғаджар ауданы А.Жұбанов атындағы Орқаш орта мектебінен бастаған. Г.Д.Куспанова үздіксіз білімін жетілдіріп, тәжірибесін шыңдап келеді. 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін бітірген күннен бастап Ақтөбе қаласы №31 қазақ орта мектебінде жұмыс жасап келеді. 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетінің ағылшын тілі факультетін ағылшын тілі пәні мұғалімі мамандығы бойынша, 2010 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының магистратура бөлімін бітіріп, филология магистрі атағын алды. Педагогикалық өтілі – 25 жыл.

Г.Д.Куспанованың жаңашыл педагогиканы оқу-тәрбие жұмысына негіз етіп, оқушылардың бойындағы ұлттық психологияны дамыта отырып, олардың білімге, өнерге деген құштарлығын оятып, ынтасын арттыру бағытындағы ұстаздық, шығармашылық ізденісі айтарлықтай. Оқушылары жылма-жыл қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларда, байқауларда, сайыстарда, ғылыми конференцияларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Бұл — ұстаз еңбегінің жемісі екені даусыз.

Куспанова Г.Д. – 2002 жылдан қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік пәндер бірлестігінің жетекшісі. 2008 ж. Облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің грант иегері, 2009 ж. «Облыстың үздік мұғалімі» грант иегері. Осы жылдар аралығында қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық мақтау қағаздарымен марапатталып келеді. Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысып, жеңімпаз атанып, «Ян Амос Каменский» атындағы медаль мен «Д.Қонаев» атындағы орденді иеленді.

Қазіргі таңда жаңа білім беру мазмұнын енгізу жұмыстарына белсене араласып, мектептегі мұғалімдердің тәжірибесіне ықпал ету мақсатында өзіндік зор үлесін қосып келеді.

«Ізденген жетер мұратқа» дегендей, тынымсыз ізденіс үстіндегі Қоспанова Г.Д. шығармашылық жұмыспен шұғылдануда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *