Қонысбаев Қанат Болатұлы

Туған күні: 01.02.1969

Туған жер: Қостанай облысы Жангелдин ауданы, Жаркөл ауылы

Білім:
Қарағанды педагогикалық институтының «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 1992

Дәрежелер мен ғылыми атақтар:
Қарағанды педагогикалық институтының доценті, 2016 ж

Почетные звания, профессиональные награды и премии:
«Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталған, 2013 ж

Педагогикалық өтілі: 25 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
2016 - Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының доценті

------------------------------

Қонысбаев Қанат Болатұлы 1969 жылы 1 ақпанда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Жаркөл ауылында дүниеге келді. 1986 жылы Қарағанды педагогикалық институтының «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына оқуға түсіп, 1992 жылы аталған оқу орнын тамамдап, педагогикалық еңбек жолын Қостанай облысы,Жангелдин ауданының Жаркөл ауылында Қаратүбек орта мектебінде бастады. 1996 жылы Арқалық қаласына қоныс аударып, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалаық мемлекеттік педагогикалық институтының «Дене мәдениеті және спорт» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет жасайды.

Институтта еңбек еткен жылдарында еңбегіне қарай қала әкімінің, институт ректорының алғыс хаттарымен,мақтау қағаздарымен марапатталды.

2013 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталды.

2014 жылы Қостанай облысының әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылы Арқалық қаласының Жыл адамы атанды Қанат Болатұлы институтта ғылыми-ізденіс жұмыстарымен де айналыса отырып, аймақтық республикалық, халықаралық тәжірибелік конференцияларға көптеген мақалаларын жариялады. Әдістемелік нұсқаулығы бар, институт ішілік студенттердің ғылыми жобасына жетекшілік жасап, 3 курс студенті Балкен Бағдат жүлделі орынға ие болды,

Волейбол саласында қалалық, аймақтық, облыстық, республикалық жарыстардан жүлделі орындарды иеленіп отырды. Қанат тек жаттықтырушы ұстаз ретінде ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеуде ерен еңбегі ерекше. Зор марапатқа ие.

Студент жастарды волейбол спортынан жаттықтырушы ретінде көзге түсті.

Студенттерді спортқа баулуда волейболдан өткен қалалық, аймақтық, облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп отырды.

2006 жылдан бастап, волейболдан Арқалық қаласының бас жаттықтырушысы болып жұмыс істейді.

2008 жылы волейболдан Қостанай облысының кубогін жеңіп алды.

2009,2010,2011 жылдары Қостанай облысы жоғары оқу орындары арасындағы волейболдан 3 дүркін жеңімпаз атанды.

2012 жылы Волейбол ойыны бойынша облыс кубогының иегері болып үлкен жетістікке жетті.

2013 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталды.

2014 жылы Қостанай облысының әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылы Арқалық қаласының Жыл адамы атанды.

2016 жылы қазан айында ағартушы ғалым Ы.Алтынсариннің 175 жыл толуына орай «Ұлы ағартушыға 175 жыл» атты төсбелгісімен марапатталды.

2016 жылы аталмыш институттың доценттік атағын алды.

Облыстық «Тың – 2013», «Тың – 2014» спартакиадасының жеңімпазы болды.

Қанат Болатұлы жаттықтырған ойыншылардың ішінде Жалел Асылбек, Қабжекен Абай бұл күнде волейболдан Қостанай облысы құрама командасының мүшелерінің қатарында жүр.

2016 жылдың 22-24 ші қаңтар айында Астана қаласында өткен жоғары оқу орындары арасындағы волейболдан өткен жарыста 1 орынды жеңіп, Астана қаласының чемпионы атанды.

Қанат Болатұлы институтта мардымсыз еңбек еткен жылдарында Қазақстан Республикасының 2 жүлдегері, облыстың 48 чемпиондары  мен жүлдегерлерін дайындап шығарды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *